20 мам, 2022 сағат 16:43

Доллар бағамы айтарлықтай төмендеді


Доллар бағамы 425 теңгеге дейін төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 6,04 теңгеге төмендеп, 425,02 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 20 мамырдағы ресми бағамы 431,41 теңгеге тең еді. 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 426,99 теңге, сату - 431,76 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 426,58 теңгеден сатып алынып, 429,34 теңгеден сатылып жатыр.