Фото: egemen.kz
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 461,10 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 24-26 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,97 теңге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,76 теңге, сату – 468,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 462,31 теңгеден сатып алынып, 465,70 теңгеден сатылып жатыр.