Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,35 теңгеге көтеріліп, 474,19 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 15 қыркүйектегі ресми бағамы 473,91 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сату бағамы 473,76 теңге, сатылым - 477,92 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 473,43 теңгеден сатып алып, 477,49 теңгеден сатады.