05 қыр, 2022 сағат 16:52

Доллар бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге көтеріліп, 472,63 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 3-5 қыркүйектегі ресми бағамы 472,47 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,81 теңге, сату – 476,04 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 469,42 теңгеден сатып алынып, 473,47 теңгеден сатылып жатыр.