03 там, 2022 сағат 16:45

Доллар бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,62 теңгеге өсіп, 476,27 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 3 тамыздағы ресми бағамы - 475,79 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 475,62 теңге, сату - 480,13 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,06 теңгеден сатып алынып, 479,04 теңгеден сатылып жатыр.