Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 9 қараша кешімен салыстырғанда 0,86 тиынға құлдырап, 1 доллар 428, 35 теңге болды.
Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,50 теңге, сатып алу – 430, 03 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428, 71 теңгеден болса, сатып алу құны – 429, 79 теңге.