Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 қазан кешімен салыстырғанда 0,38 теңгеге арзандап, 1 доллар 424, 44 теңге болды.
Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 424, 81 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424, 70 теңге, сатып алу – 426, 18 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,95 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 12 теңге.