Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 3 қазан кешімен салыстырғанда 0,33 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 72 теңге болды.
Ұлттық банктің 4 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 94 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 66 теңге, сатып алу – 427, 15 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,23 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 34 теңге.