Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 сәуір кешімен салыстырғанда 1,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 431,11 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 432, 21 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 431,09 теңге, сатып алу – 430,04 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 430,03 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 431, 18 теңге.