09 шіл, 2021 сағат 12:28

Доллар бағамы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 8 шілде кешімен салыстырғанда 0,56 теңгеге арзандап, 1 доллар 429, 40 теңге болды. 

Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 429, 80 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428,60 теңге, сатып алу – 430,13 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428,49 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 429,97 теңге.