Доллар бағамы төмендеп, теңге нығайып жатыр - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңгеге тең болған еді.