Доллар бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,16 теңгеге қымбаттап үлгерді.
Осылайша АҚШ долларының орташа бағамы 466, 31 теңге болды.
Ал, Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 458,20 теңгеге тең болатын.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470 теңгеден сатылса, сатып алу – 474,61 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 467,16 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 472, 35 теңге.