Фото: Sputnik Қазақстан
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 5,14 теңгеге көтеріліп, 438,57 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 7 наурыздағы ресми бағамы - 432,83 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 437,94 теңге, сату – 442,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 438,79 теңгеден сатып алынып, 442,16 теңгеден сатылып жатыр.