18 шіл, 2022 сағат 16:48

Доллар бағамы 485 теңгеге жақындады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тоқтаусыз өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,60 теңгеге көтеріліп, 484,18 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 16-18 шілдедегі ресми бағамы - 480,37 теңге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 483,70 теңге, сату - 489,11 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,68 теңгеден сатып алынып, 483,16 теңгеден сатылып жатыр.