13 қаз, 2022 сағат 16:48

Доллар бағамы 480 теңгеге жақындады



Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,40 теңгеге көтеріліп, 479,32 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13 қазандағы ресми бағамы - 477,89 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 476,94 теңге, сату – 480,14 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 476,34 теңгеден сатып алынып, 480,44 теңгеден сатылып жатыр.