26 шіл, 2022 сағат 16:37

Доллар бағамы 480 теңгеге жақындады


Доллардың бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,51 теңгеге көтеріліп, 479,83 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 26 шілдедегі ресми бағамы - 475,92 теңге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 478,87 теңге, сату - 483,22 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 476,78 теңгеден сатып алынып, 481,15 теңгеден сатылып жатыр.