15 шіл, 2022 сағат 16:45

Доллар бағамы 480 теңге болды


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,85 теңгеге көтеріліп, 480,37 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 15 шілдедегі ресми бағамы - 478,39 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 477,95 теңге, сату - 482,67 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,72 теңгеден сатып алынып, 480,87 теңгеден сатылып жатыр.