Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 473 теңгеден асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 сәуір кешімен салыстырғанда 85 тиынға өскен.
Осылайша, АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды.
Ал, Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 472, 56 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.