25 там, 2022 сағат 16:53

Доллар бағамы 465 теңге болды


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,76 теңгеге көтеріліп, 465,05 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 25 тамыздағы ресми бағамы 461,98 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 467,75 теңге, сату - 472,07 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,83 теңгеден сатып алынып, 472,00 теңгеден сатылып жатыр.