Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,75 теңгеге төмендеп, 460,62 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 27 желтоқсандағы ресми бағамы - 461,10 теңгеге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 462,73 теңге, сату – 467,00 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 461,72 теңгеден сатып алынып, 464,79 теңгеден сатылып жатыр.