19 шіл, 2022 сағат 16:44

Доллар бағамы 4 теңгеге төмендеді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,26 теңгеге төмендеп, 480,36 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 19 шілдедегі ресми бағамы - 484,18 теңге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу - 479,91 теңге, сату - 484,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 479,94 теңгеден сатып алынып, 483,41 теңгеден сатылып жатыр.