Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3 теңгеге көтеріліп, 472,04 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 7 қазандағы ресми бағамы - 468,75 теңге тең.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,90 теңге, сату – 476,03 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,18 теңгеден сатып алынып, 475,36 теңгеден сатылып жатыр.