Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 29 наурыз кешімен салыстырғанда 11, 44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 458,76 теңгеге тең болды.
Ал, Ұлттық банктің 30 наурыздағы ресми бағамы 1 долларға 471, 30 теңге болған.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 455, 49 теңге, сатып алу – 460, 69 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451,19 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 457,30 теңге.