27 мам, 2022 сағат 16:45

Доллар бағамы 10 теңгеге қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE қор нарығының деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар 10, 73 теңгеге қымбатап, орташа бағамы 433, 30 теңге болды.

АҚШ валютасының 27 мамырдағы ресми бағамы 422, 01 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 432,77 теңге, сатып алу – 438,66 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 435,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 439 теңге.

Айта кетейік, АҚШ валютасы екі күн қатарынан қымбаттап жатыр. 26 мамыр күні бір доллар 422 теңгеден саудаланған.