13 шіл, 2022 сағат 16:48

Доллар аздап қымбаттады


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,29 теңгеге өсіп, 475,91 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13 шілдедегі ресми бағамы 473,38 теңгеге тең еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 473,85 теңге, сатылымда - 478,21 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 472,09 теңгеден сатып алып, 475,35 теңгеден сатып жатыр.