Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 наурыз кешімен салыстырғанда 3, 87 теңгеге төмендеп, 1 доллар 501, 49 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 505, 22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы 503, 75 теңге, сатып алу – 509, 49 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 505, 25 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 510, 98 теңге.