14 мау, 2021 сағат 12:45

Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 11 маусымның кешімен салыстырғанда 0,33 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 73 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,15 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 10 теңге, сатып алу – 426, 57 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 66 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426, 54 теңге.