11 мау, 2021 сағат 12:35

Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 маусым кешімен салыстырғанда 0,26 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 26 теңге болды. 

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,53 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 73 теңге, сатып алу – 426, 83 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 36 теңгеден болса, сатып алу құны– 426, 30 теңге.