21 мам, 2021 сағат 12:40

Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 мамыр кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,09 теңгені құраған 

Ұлттық банктің 21 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,21 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 429,64 теңгеден сатылса, ал сатып алу – 428, 12 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 427,38 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны - 428,44 теңге.

Айта кетейік, аптаның басында АҚШ доллары 1,42 теңгеге қымбаттап, оның орташа бағамы 427,54 теңге болды. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,81 теңгеден сатылды.