20 сәу, 2021 сағат 09:40

Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 сәуір кешімен салыстырғанда 0,99 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,68 теңге болды. 

Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 430, 69 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 430, 64 теңге, сатып алу – 429, 04 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,30 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 430,54 теңге.