Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,73 теңгеге төмендеп, 443,57 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 19 сәуірдегі ресми бағамы 449,85 теңге еді.