14 нау, 2022 сағат 12:30

Доллар 519 теңгеден сатылып жатыр


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13-ші наурыз кешімен салыстырғанда 0, 22 тиынға өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 511, 06 теңге болды. 

Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 510, 79 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 514, 92 теңгеден сатылса, сатып алу – 519 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 517, 56 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 519, 20 теңге.