Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 74 теңгеге қымбаттады.
Осылайша АҚШ валютасының орташа бағамы 454, 27 теңге болды. Ал доллардың 15 сәуірдегі ресми бағамы 448, 19 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 453, 69 теңге, сатып алу – 456, 87 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 452, 75 теңгеден болса, сатып алу құны – 455,74 теңге.