Коллаж: qazweek.kz
«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан.
"Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды, бұл 2023 жылдың 7 наурызына дейін", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы полицейлері Арман Жұмагелдиевті өткен жылдың 7 қаңтарында ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.