06 мау, 2022 сағат 16:03

"Дикий Арманды" қамау мерзімі ұзарды


"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 маусымда ауданаралық тергеу соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты", – делінген сот таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтар күні тараған еді. 11 қаңтар күні ол екі айға қамауға алынды. Наурыз айында Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Кейінірек оны қамауда ұстау мерізмі 7 маусымға дейін ұзарған болатын.

Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздік" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілініп отыр.