25 нау, 2022 сағат 12:52

Депутаттар Қапшағайға Қонаевтың атын беруді қолдады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қапшағайлық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылған. Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныс түскен.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданған.

Қала атауын өзгерту туралы соңғы шешімді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.