Қорытынды жаңалықтарды қарап отырғанбыз 31 арнадан. Латын әрпіне көшуді қызу талқылау басталып кетіпті.
Сол туралы айтып жатты. Бүгін Егеменде жарияланған мақаласында Назарбаев Үкіметке қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ғалымдар мен қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып жасауды тапсырған-тұғын. Назарбаевтың тапсырмасына сай алдағы жылдан бастап мектепте латын қарпін үйрету үшін мамандар әзірлеп, жаңа оқулықтарды шығара бастаған жөн. Мамандар болса әзір 31 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын жасап қойыпты.
Соған байланысты телеарна тілшілері сарапшылардың пікірін сұраған екен. Саировты тыңдадық.
“Латын әрпін енгізу қазақтың социумын біріктіретін үлкен қадам. Қазақ тілді орыс тілді деген топтар жойылады” деді. Солай-ақ болсыншы. Бөлінген елде береке бола ма?
Кезек депутат Смирноваға келді. Ирина Смирнова.
“Таким образом Казахстан дальше уходит от русского мира. Потому что кириллица уходит и этот алфавит будет потерян для следующее поколение. Мне это печально”
деді ол.
Бұл не сонда? Түсінбедік. Айтып отырған “орыс әлемі” несі? Путин билікке келгелі ерекше күшейген бұл концепцияның түпкі мәні неде екенін әлгі Смирнова білмей ме? Біледі…
2006 жылы Путин былай деген:
“Русский мир может и должен объединить всех, кому дорого русское слово и русская культура, где бы они ни жили, в России или за её пределами. Почаще употребляйте это словосочетание — «русский мир».
Әдейі аудармай бердік. Путиннің түпкі ойы мен түпкі мақсатын түсіну үшін түпнұсқасынан оқыған дұрыс. Депутат Смирнова кімнің сөзін сөйлеп отыр сонда?
Бұл өз алдына. Депутат пікірінің астарында қыр көрсету жатқан жоқ па? Смирнова осы арқылы күллі орыстілді сегменттің пікірін білдірген шығар, кім білген…
Думан БЫҚАЙ,