19 сәу, 2017 сағат 14:37

Депутат Сағынтаевқа: Көктем келіп еді, барлығы "жүзіп кетті"

Халық коммунистері фракциясынан мәжілісмен Владислав Косарев мемлекеттік органдардың өзен суларының көтерілуін, еріген қар суының көлемін және ірі су ағыстарының бағытын болжап біле алмайды деп сын айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына фракция атынан депутаттық сауал жолдауға Қазақстанның бірнеше өңіріндегі су тасқыны жағдайы себеп болған.  

"Соңғы бірнеше жылда елді мекендерде су тасқыны болып, жолдарды су алып кетіп жатыр, өкінішке қарай, адам шығыны да бар. Үкіметтің жиналыстар, селекторлық жиындар өткізіп жатқанын қыс бойы бақыладық. Онда жетекшілер шығарылған қар көлемін, бөгеттер мен су қоймаларын бекіткенін айтып, су тасқынына дайын екені жайлы батыл баяндама жасаумен болды", - деді Косарев.

Депутат жыл сайын еріген қар суының алдын алуға қажетті қаражат бөлініп жатқанын атап өтті.

"Бірақ көктем келіп еді, барлығы жүзіп кетті. Ал үкіметке Парламенттегі жыл сайынғы қарауда республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді. Жыл сайын оқиға қайталанады немесе үйлерді су басып, жағдай ушыға түседі. Содан кейін жауапты мемлекеттік органдардың ешқайсысы өзен суының көтерілетінін, еріген қар суының көлемін және ірі су ағыстарының бағытын ешкім де болжам білмеген болып шығады. Биыл да қиын жағдай болып жатыр", - деді мәжілісмен.

Владислав Косарев үкімет осы мәселенің негізіне үңіліп, барлық қатерді кешенді түрде сараптап, бір ғана дұрыс шешім жасау керек екенін, осы арқылы жыл сайын пайда болатын мәселені шешуге болатынын айтты. 

"Бұл тіпті көктемгі су тасқындарына байланысты апат жағдайларының алдын алуға, елді мекендерді, жолдарды, ірі бқгеттердің құрылысын, гидроқұрылыстарды қорғау бойынша инженерлік шаралармен байланысты бөлек бір мемлекеттік бағдарлама болсын. Оны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат бөлейік те, осы мәселені түбегейлі шешейік. Себебі ТЖ-ның салдарын жоюға алдын ала ескертулерден де көп ақша жұмсаймыз ғой", - деді Косарев.