Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың наурыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Яғни 9,0 пайыз. Нарыққа байланысты айқындалатын мерзімді депозиттердің мөлшерлемелері де 9,0 өзгеріссіз қалады»,-деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі.
Банктердің нақты нарықтық мөлшерлемелерінің біртіндеп төмендеуі одан әрі жалғасуына байланысты 24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ салымдардың сыйақы мөлшерлемелері қайта қаралды.