05 қаң, 2021 сағат 13:23

Депозиттерге кепілдік беру қоры биылғы сыйақы мөлшерлемесін жариялады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың ақпан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі деңгейінің сақталуына байланысты қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталды. Яғни - 9,0 пайыз. Нарыққа байланысты айқындалатын мерзімді депозиттердің мөлшерлемелері де 9,0 өзгеріссіз қалады», - деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі. 

Банктердің нақты нарықтық мөлшерлемелерінің азаюына байланысты 24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ салымдардың сыйақы мөлшерлемелері аздап төмендеді.