01 қар, 2021 сағат 12:47

Депозиттер бойынша желтоқсан айына сыйақы мөлшерлемесі бекітілді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2021 жылдың желтоқсан айына теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Бұл туралы ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қараша және желтоқсан айларына 3 және 6 айға мерзімді, сондай-ақ жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлеме аздап ұлғайды. 

12 айға ашылған жинақ депозиттері бойынша максималды мөлшерлеме нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты желтоқсан айында 0,1 пайызды тармаққа ұлғайып, толықтыру құқығы бар депозиттер бойынша 12,7%, толықтыру құқығы жоқ депозиттер бойынша 13,9% болды. 

Осылайша осындай депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында ең жоғары деңгейде қалды.