01 шіл, 2021 сағат 12:24

Депозиттер бойынша тамыздағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелердің көлемі Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей тәуелді. Ал 2021 жылдың тамызына базалық мөлшерлеме 9,0% деңгейінде сақталды. 

12 және 24 айлық мерзімді депозиттер нарығында қандай да бір белсенділік болмағандықтан, олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде сақталды. 

Жинақ салымдары бойынша 12 айдағы ең жоғарғы мөлшерлеменің деңгейі 13,9% дейін аздап төмендеді.