26 шіл, 2022 сағат 12:15

Депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме өсті


Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме көтерілмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеше Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,5% ұлғайтқан болатын. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.

"Өзгерістер 2022 жылдың 26 шілдесінде күшіне енеді, сол күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы", делінген хабарламада.