31 нау, 2021 сағат 09:30

Депозит бойынша мамырға арналған сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңге депозиттері бойынша 2021 жылдың мамыр айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылдың мамырында Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде - 9 пайыз күйінде қалды»,-деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Мөлшерлемелері нарыққа тәуелді 24 айға арналған жинақ салымдарды қоспағанда, ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме де өзгерген жоқ. 

Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.