Фото:elements.envato.com
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штамы пайда болуы мүмкін екенін, бірақ ол маусымдық ауру болып қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ауру азайды, эпидемиологиялық жағдай жақсы. Біз ПТР-сынамаларға ғана назар аудармаймыз. Бүгінде ел бойынша 10-15 жағдай тіркелген. Бірақ күн сайын жедел жәрдем, емханалар, ауруханалар, жұқпалы аурулар ауруханаларында коронавирусқа ұқсас шағымдар бар-жоғын бақылап отырамыз. Қазір ковид ауруханаларында 200-ден астам науқас емделіп жатыр. Реанимацияда - 20 адам. Бүгінде бәрі қалыпты, ауру азайды", - деді Ғиният Үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, әлемде жағдай әлі де тұрақсыз, сондықтан ол азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны уақытылы алуға кеңес береді.
"Қытайда "омикронмен" байланысты коронавирус инфекциясының көбеюі байқалады. Кейбір Еуропа елдерінде өсу бар. Бірақ жалпы алғанда, егер ДДСҰ деректеріне сүйенсек, соңғы аптада жалпы көрсеткіш төмендеп келеді. Бәлкім, жаңа штамм пайда болады немесе маусымдық вирустық ауру сияқты жеңіл түрге ауысады дейді", - деді министр.