ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа алдын алу екпе егуге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" adilet.zan.kz порталына сілтеме жасап.
Аталған талаптарға сәйкес, ҚР Үкіметінің №2295 қаулысымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерді мерзімінде алдын алу екпелерімен қамтудың оңтайлы мерзімі 95 пайыздан төмен деңгейді қамтиды.
Құжатқа сәйкес, сәби жарық дүние есігін ашқаннан кейін 1-4 күннің ішінде туберкулез (БЦЖ) және "В" вирусты гепатитіне, 2 айдан бастап Полиомилит (ОПВ),(ИПВ), Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС АбКДС), b типті гемофильдік инфекцияға (Hib) қарсы екпе алады.