08 жел, 2021 сағат 12:33

Денсаулық сақтау министрі қанша жалақы алатынын айтты


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Бұл - қалыпты дүние ғой, әріптестерімізбен шамамен 900 мың теңге көлемінде аламыз", - деді Цой Мәжіліс отырысынан кейін.

Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінің басшысы өз жалақыларының соммасын ашық айтқан. Дегенмен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтудан бас тартқан болатын.