25 қаз, 2018 сағат 13:36

Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аяқталды - Қасымов

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өліміне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты. Бұл туралы ол ҚР Парламенті Сенаты кулуарында журналистерге мәлімдеді.

«Біз істі аяқтадық. Бірақ қазір іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Танысу жұмыстары қалай бітеді, іс бірден сотқа жолданатын болады», - деді ІІМ басшысы.

Еске сала кетсек, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза болды. Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, үш азамат ұсталды. Олар –Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева.