03 қаң, 2019 сағат 17:05

Денис Тен өлімі: Адвокат полицейлерді жазалауды сұрады

Спортшы Денистің анасы Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Өстеміров күдікті Арман Құдайбергеновтың бұған дейін жасаған қылмысын тергеген полиция қызметкерлерін жауапқа тарту туралы арызданды. Бүгін Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арман Құдайбергеновтың көлік ұрлау дерегі бойынша қозғалған істі тергеген полиция қызметкері мен оның бөлім басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Ол (Фарида Разбекова) сіздерді (судьяны) шатастырып отыр. Күдіктінің соттылығын тексеру үшін прокуратурадан жазбаша түрде  рұқсат алуы керек болатын. Сондай-ақ, оның (Құдайбергеновтың) көрсеткен мекенжайы бойынша да тінту жүргізілмеген. Олар (анықтаушы Фариза Разбекова мен бөлім басшысы Шериазданов) ҚР ҚПК 136-138- баптарын   өрескел бұзды. Полиция қызметкерлерін селқостық көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту керек. Осыған байланысты жеке қаулы шығаруыңызды сұраймын»,- деді Нұрлан Өстеміров.

Судья Кеңшілік Əбілдинов бұл талап арызға қатысты шешімді келесі отырыста шығаратынын айтты.

Ал күдікті Құдайбергеновтың өзі полиция тергеушісінің өзін ұрлықтан соң неге босатып жібергенін түсіндіре алмады. 

Судья Кеңшілік Əбілдинов бұл талап арызға қатысты шешімді келесі отырыста шығаратынын айтты. Ал күдікті Құдайбергеновтың өзі полиция тергеушісінің өзін ұрлықтан соң неге босатып жібергенін түсіндіре алмады. 

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын. 

Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. Кейін ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген еді. 

25 желтоқсанда Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өткен болатын.