Фото: ашық дереккөз
Астана тұрғыны «балам ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр» деп әріптестерін алдап, емге деп ақша жинаған, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция мәліметінше, 31 жастағы әйел декретте жүріп, басшысына баласы терезеден құлап түсті деп хабарлаған.
Жұмысындағы адамдар жанашырлық танытып, ем-домына көмек ретінде қаражат жинап берген. Алайда шындық көп ұзамай әшкере болды: әріптестерінің бірі күйеуіне хабарласқанда, ер адам баласының аман екенін айтқан.
Тексеру барысында әйел жиналған ақшаны өз қажетіне жұмсағаны, тіпті Түркияға демалысқа барғаны белгілі болды.
Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
